$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Референдум арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

23.05.2023ж. 20:00
1358
Референдум арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

Референдум арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Билік тармақтары бөлінді, депутаттардың рөлі күшейді. Халықтың мұң-мұқтажы биік мінберлерде талқылануда. Бұл - былтыр жалпы халықтық референдум нәтижесі бойынша жасалған қадам.

Жалпы халықтық референдум нәтижесінде Ата заңдағы 98 баптың 33-і өзгерді. Реформа аясында Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен бас тартып, Парламенттің құзыретін күшейтті.

Серік БАСТЕМИЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Ең бірінші жаңа саяси күштер біздің Парламентімізге өтті. Мәжіліске және сенатымызға. Жалпы айтқанда, жаңа саяси жүйе құрылды. Қандай Президент болмасын Қазақстанның оның ағайын туыстары квазимемлекеттік секторларда басшылық қызметтерге алынбауы тиіс. Осындай өзгерістер негізілді.

Сайлау жүйесіне де жаңашылдықтар енгізілді. Қазір сайлауға Қазақстан Республикасының кез келген адамы өз-өзін ұсына алады. Пропорционалды жүйеден аралас жүйеге көшті. Ал адам құқығы мен бостандағы басты орынға қойылған.

Серік БАСТЕМИЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Ең бастысы осы мемлекетте әділеттілік орнату. Сондықтан біз сот жүйесіне реформалар жасап, Конституциялық сотты Конституциялық реформа арқылы енгіздік. Әрбір азамат Конституциялық сотқа шағымдана алуға құқығы бар.

Ата заңнның 6-бабына «Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, байлығы» деген жаңа бап енгізілді. Бұл жердің иесі де, киесі осы елдің азаматтарының қолында екенін көрсетеді.