$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Ұлттық қордың қаржысы ел мүддесі үшін жұмыс істейді», - Е. Қарин

24.05.2023ж. 20:00
1430
«Ұлттық қордың қаржысы ел мүддесі үшін жұмыс істейді», - Е. Қарин

Ұлттық қордың қаржысы ел мүддесі үшін жұмыс істейді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп пікір білдірді. Себебі әлеуметтік бастама енді заң тұрғысынан рәсімделмек. Жоба мәжіліс қарауына берілді. Айта кетейік, Президент тапсырмасына орай жоба келер жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Бұл – Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі. Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын. Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды.