$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерден 800 доллар бопсалап, қоқан-лоқы көрсеткен

AstanaTV
25.05.2023ж. 09:10
1061
Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерден 800 доллар бопсалап, қоқан-лоқы көрсеткен

Алматыда такси жүргізушісі Үндістан азаматтарын әуежайдан қонақ үйге дейін 800 долларға жеткізген. Тіпті ақша бермесе, сөмкелерін бермейтінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүргізушінің заңсыз әрекетіне қатысты үнді азаматтары Бостандық аудандық полиция басқармасына арызданыпты. Белгілі болғанындай, 21 мамырда Алматы халықаралық әуежайы маңында жеке такси қызметін ұсынатын ер адам өз көлігіне Үндістаннан келген туристерді отырғызып, қонақ үйге дейін 1 мың теңгеге апарып тастауға уәде берген.

Алайда межелі жерге жеткенде ол туристерден 1 180 доллар сұраған. Кері жағдайда сөмкелерін бермейтінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Сөйтіп шетелдіктер жүргізушіге 800 доллар беруге мәжбүр болған.

Бұл жағдайдан кейін полицейлер 27 жастағы жігітті ұстады. Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Өз кінәсін толық мойындаған ол шетел азаматтарына келтірілген шығынды өтеп берді. Такси жүргізушісінің көлігі жол жүру ережелерін бұзғаны үшін және төленбеген айыппұлына байланысты арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады ведомстводан.