Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Қалағанымды істеймін". BMW жүргізушісі Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған

AstanaTV
25.05.2023ж. 17:01
1242
"Қалағанымды істеймін". BMW жүргізушісі Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған

Оқиға куәгерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.

"Мен оған ескерткен едім, ол: "Өзгенің ісіне араласпа", - деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол: "Қалағанымды істеймін" деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған.