Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Мектепке 2,7 миллионға бірнеше доп сатып алынбақ болған

AstanaTV
25.05.2023ж. 16:57
1330
Мектепке 2,7 миллионға бірнеше доп сатып алынбақ болған

Шымкентте тым қымбат бағаға спорт құрал-жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, дарынды балаларға арналған мектеп мемлекеттік сатып алу сайтында күмәнді лот жариялаған. Оқу орны 2,7 миллион теңгеге 20 доп сатып алуды жоспарлаған.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Қалалық білім басқармасының "№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы" КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 миллион бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген", - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында.
"Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған", - деп жазған ол. 

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 миллион теңгеден аса қаржы үнемделді.