Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Лилия Рахтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 17 қазанға белгіленді

AstanaTV
04.10.2016ж. 20:00
2278
Лилия Рахтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 17 қазанға белгіленді

Кәсіпкер Лилия Рахтың ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы 17 қазанға белгіленді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының өкілі Бауыржан Ахметов телефон арқылы хабарлады.

Еске салайық, танымал кәсіпкер Лилия Рах «Адам ұрлады» деген күдікке ілінген болатын. Қалалық ішкі істер департаментінің ақпарынша, ол үш сыбайласымен бірге 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстап отырған. Соттың дерегіне сай, аталған іс бойынша сән әлемінің мықтылары Лилия Рах пен оның сыбайластары Мири Паз, Бақыт Шалабаев және Ислам Мисиров жауап беретін болады. Алдын ала тыңдау Алмалы аудандық сотында өтпек.

Айгүл ЕРМАХАН