$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ерлан Қошанов: «Салалық кеңестердің жұмысына партияның жаңа жақтастарын тарту керек»

26.05.2023ж. 20:00
912
Ерлан Қошанов: «Салалық кеңестердің жұмысына партияның жаңа жақтастарын тарту керек»

«AMANAT»-тың кеңестері – партияның негізгі диалог алаңдары. Бүгін Төраға Ерлан Қошанов партия жанындағы республикалық кеңестердің жаңа төрағаларымен жиын өткізді. Ол салалық кеңестердің тиімділігін түбегейлі арттырып, бұл жұмысқа партияның жаңа жақтастарын тарту керектігіне тоқталды. Былтыр республикалық кеңестердің 56 отырысы өтіп, онда 91 мәселе қаралған. Мемлекеттік органдарға арналған 584 ұсыным әзірленді. Ал, өңірлік деңгейдегі кеңестер 5 мыңнан астам отырыс өткізіп, 11 мыңға жуық мәселені қарады. Ерлан Қошанов алдағы уақытта жұмысты одан әрі күшейту бойынша бірқатар нақты міндеттерді атады.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президент тапсырмаларымен партияны сайлауалды бағдарламасының орындалуына тұрақты мониторинг және бақылау жүргізіп отыру керек. Мәжілістегі партия фракциясында республикалық жол картасы бойынша тоқсан сайын орталық мемлекеттік органдардың тыңдалымдары өтетін болады әр тоқсан сайын. Мұндай ашық, жария талқылау уәкілетті министрліктердің жауапкершілігін де арттыратын болады. Сондықтан аймақтарда да жергілікті атқарушы органдармен дәл осындай тыңдалымдар ұйымдастыру қажет.

Жиын барысында Төраға кеңестердің жаңа басшыларын таныстырды. Олардың қатарында Павел Казанцев, Бауыржан Смағұлов, Берік Бейсенғалиев, Екатерина Смышляева, Нұржан Әшімбетов, Нартай Сәрсенғалиев бар. Ерлан Саиров пен Жұлдыз Сүлейменова, Аманжол Әлтай мен Динара Зәкиева да кеңеске жетекшілік етуді жалғастырады.