$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жапонияда депутаттың ұлы 4 адамды өлтірді

26.05.2023ж. 20:00
877
Жапонияда депутаттың ұлы 4 адамды өлтірді

Жапонияда 30 жылда алғаш рет полиция қызметкерлерін атып өлтірді. Күдікті - парламент депутатының ұлы. Ол екі әйелді пышақтап, екі тәртіп сақшысын атқан. 4 адамның өмірін қиған күдікті куәгерлерге «өлтіргім келді, өлтірдім» депті. Полиция қызметкерлері оны үйінің алдында құрықтаған. Жапонияда адам ату оқиғасы өте сирек болады. Өйткені қару иеленгісі келген азаматтар қатаң тексеруден өтуі керек.

Ивао КОЯМА, НАГАНО ПРЕФЕКТУРАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ:

Мен қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтқым келеді. Сонымен қатар, біздің префектуралық полицияның екі полицейі қызметтік міндеттерін орындау кезінде өлтірілді, мен полиция бас дирекциясының бастығы ретінде қатты қайғырдым.

Өңірде сериялық кісі өлтіру фактісі бойынша 100-ге жуық адамнан тұратын штаб құрылды. Оқиға болған жерде криминалистер жұмыс істеп жатыр. 300 метр радиустағы тұрғындар эвакуацияланды.