Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

26.05.2023ж. 20:00
602
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері сөз болды. «Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас ел. Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Әмірліктердің ел көркеюіне қосқан үлесін достық пен тығыз ынтымақтастықтың жарқын бейнесі деп қабылдаймыз деді» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.