Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлттық дәрі-дәрмек формуляры бойынша жиын өтті

AstanaTV
04.10.2016ж. 20:00
2751
Ұлттық дәрі-дәрмек формуляры бойынша жиын өтті

Қазақстанда 700-ден астам дәрілік препараттар ұлттық формулярға енгізілді. Алдағы уақытта тіс-дәрігерлік және балаларға арналған дәрі-дәрмектер сұрыптаудан өтіп, медицина және фармацевтика қызметкерлеріне ұсынылатын болады.

Ұлттық формуляр дәрілердің сапасы, қолжетімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Бүгінде дәрігерлер толықтай ұлттық формулярға енген препараттарды қолданады. Яғни науқастарға сапасы жоғары, арнайы тексерістен өткен дәрілерді ғана береді. Медицина саласындағы реформалардың бірі - стационарлы ем қабылдаушыларға және амбулаториялық деңгейде тегін берілетін болады. Бұл жүйе АҚШ, Ұлыбритания, Канада секілді дамыған мемлекеттерде қолданылып келеді. Ал ТМД елдерінде Қазақстан бірінші болып ұлттық формуляр енгізіп отыр.