Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

AstanaTV
28.05.2023ж. 10:00
847
Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Аққайың аудандық полицияға Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ер адам мен мінген жылқысына найзағай түскен. Малшы азамат сол жерде қайтыс болған», - дейді ведомстводағылар.

Ер адам малшы болып жұмыс істеген. Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген. Марқұмның жанында өлген жылқы жатқан. Найзағай ат пен иесіне қатар түскен.

Қазіргі күні тергеу әрекеттері жүріп жатыр, сот-медициналық сараптамалар жасалады дейді полиция.