Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды – Антикор

AstanaTV
29.05.2023ж. 14:01
454
Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.