Режеп Тайып Ердоған президент сайлауында жеңіске жетті. Екінші турда оның кандидатурасын халықтың 52,16 пайызы қолдап, жеңімпаз атанды. Ал Кемал Кылычдароғлы 25 миллион 260 мыңға жуық дауыс жинады. Сарапшылар Эрдоғанның ел басқарудағы біраз жылғы тәжірибесі мен жеке имиджі саяси бәйгеде жеңіске жетуге септігін тигізгенін айтады. Осылайша, Ердоған үшінші рет президент болып сайланды.
Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
Түрік тарихындағы ең маңызды сайлаулардың бірі болып табылатын бұл сайлауда біздің халық Түркия ғасырына дауыс берді. Біз Түркия халқының қолдауымен Президент сайлауының екінші кезеңін аяқтадық. Бұл сайлауда бүкіл 85 миллион түрік азаматы жеңіске жетті. Мен әр азаматқа Түркияда тағы бес жыл билікте болу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын.