Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Пәкістанда қар көшкінінен 11 адам қаза тапты

AstanaTV
29.05.2023ж. 21:39
791
Пәкістанда қар көшкінінен 11 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстігіндегі таулы аймақта қар көшкіні болып, 11 адам қаза тапты.

Тағы 13 тұрғын жараланған. Олар Кашмирден қайтып келе жатқан жолда терең шатқалға жақын маңда шатыр тігіп, түнеген екен.

Барлығы ұйықтап жатқанда кенеттен қар көшкіні жүрген.

Қайғылы оқиға Шаунтер асуына жақын маңда болды.

Ауа-райының қолайсыздығы мен жердің шалғайлығы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.