Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Салмағы 40 келі қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді

AstanaTV
29.05.2023ж. 22:30
852
Салмағы 40 келі қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді

Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков қошқар көтеруден жаңа рекорд орнатып, ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) енді. Ол салмағы 40 келі қошқарды 5 сағат 26 минутта 3555 рет көтерген.

Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков қошқар көтеру сайысына 2018 жылдан бастап қызығушылық танытқан. Содан бері көптеген жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

"Оның алдында да рекорд қойғанмын. 1111 көтердім, 1160 көтердім. Кеше Аллаһтың қалауымен 40 келі қошқарды 3555 рет көтердім", - деді Азамат. Түркістан қаласында өткен шарада білекті ер адам 40 келі болатын қошқарды 5 сағат 26 минутта 3555 рет көтерген және Қазақстан бойынша ең соңғы рекордты жаңартқан. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев білекті азаматты өз кеңсесінде қабылдап, жетістігімен құттықтаған. Кейін Азаматқа Қазақстан рекордтар кітабының (КИнЭС) кейіпкері ретінде арнайы куәлік табысталды.

"40 келі қошқарды шынында да онша уақыт көтеріп ұстау деген рекорд. Спортта үлкен жетістік. Соның ішінде Қазақстанның осы саладағы өзіміздің рекордтық кітапқа ену — Түркістан облысына да мақтаныш деп ойлаймын. Өзіңіздей азаматтармен осы көпшіліктің, қоғамның қолдауына ие азаматтардың ортамыздан шыққанына шын жүректен қуаныштымыз. Құтты болсын", — деді Бейсен Тәжібаев.