Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Тбилисиде көше өнерпаздары Қазақстан әнұранын орындады

AstanaTV
30.05.2023ж. 13:48
778
Тбилисиде көше өнерпаздары Қазақстан әнұранын орындады

Тбилисиде көше өнерпаздары Қазақстан әнұранын аспаптардың сүйемелдеуімен орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеоны Әділбек Қалиев есімді желі қолданушысы жариялаған. Кадрлардан грузиялықтар "Қазақстаным" деп әндеткенін көруге болады.

"Тбилисиден Қазақстанға сәлем жолдаймыз. Қазақстанның әнұраны", - дейді видеодағылар.

Желі қолданушылары әнұранды орындауын сұраған видео авторына алғысын жаудырған.

"Грузиндер де біледі, не үйрену керек екенін", "Олар бұрыннан айтады", "Еліміздің нағыз патриоттары, шалғайдағы жатқан елде әнұранымызды орындатып жатыр. Әрине, жүрек шымырлап, бойымызға қан жүгірді. Жарайсыңдар, жігіттер!", "Айналайын, қазақтарым, жарайсыңдар. Грузиндерге рахмет", "Грузияның төрінде Қазақстан әнұраны жанғыруын сұраған сендерге рахмет", - дейді олар.