Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ұлықпан Жолдасов шын есімінің кім екенін айтты

AstanaTV
30.05.2023ж. 14:56
1785
Ұлықпан Жолдасов шын есімінің кім екенін айтты

Отандық әнші Ұлықпан Жолдасов құжаттағы шын есімінің кім екенін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі ерекше есімінің құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Умиксат деген есімнің мағынасы да жоқ, дүние жүзінде ондай есім жоқ. Төлқұжат алу үшін туу туралы куәлігімді тапсырдым. Он күннен келу керектігін айтты. Құжат алуға барсам, Умиксат деп жазып қойыпты. Орыс тілін білмеймін. Сонымен сол күйі қалды. Кейін өзгертейін деп едім. Бір үлкен кісі "Ұлықпан екі есімнің болғаны жақсы ғой. Көп нәрседен қорғайды" деді. Сонымен сол күйі қалып қойды", - деп жазды Ұлықпан Жолдасов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлықпан Жолдасов өнер иесі қоғамнан қазақилықтың жоғалып бара жатқанын сөз етіп, ер мен әйелдер арасындағы ашық-шашық киім кию стилінің қазаққа жат екенін сөз еткен болатын.