Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Португалия құрамасы Сауд Арабиясында доп тебетін Роналдуға қатысты шешім қабылдады

AstanaTV
30.05.2023ж. 15:10
841
Португалия құрамасы Сауд Арабиясында доп тебетін Роналдуға қатысты шешім қабылдады

Әлем футболының айтулы өкілдерінің бірі Криштиану Роналду Португалия құрамасына шақыртылды. Шабуылшы маусым айындағы матчтарға қатыспақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Португалия құрамасы маусым айында Еуропа чемпионатына іріктеу аясында екі матч өткізбек. Алдымен Криштиану Роналду бастаған ұжым Босния және Герцеговинамен ойнаса (17 маусым), содан соң Исландиямен шеберлік байқасады. Футболшылар тізімі: Қақпашылар: Диогу Кошта ("Порту"), Жозе Са ("Вулверхэмптон"), Руй Патрисиу ("Рома"). Қорғаушылар: Диогу Далот ("Манчестер Юнайтед"), Нелсон Семеду ("Вулверхэмптон"), Жоау Канселу ("Бавария"), Рафаэл Геррейру ("Боруссия" Дортмунд), Пепе ("Порту"), Рубен Диаш ("Манчестер Сити"), Антониу Силва ("Бенфика"), Гонсалу Инасиу ("Спортинг"), Тоте Гомеш ("Вулверхэмптон"). Жартылай қорғаушылар: Данилу Перейра (ПСЖ), Жоау Пальинья ("Фулхэм"), Рубен Невеш ("Вулверхэмптон"), Бернарду Силва ("Манчестер Сити"), Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед"), Отавио ("Порту"), Витинья (ПСЖ), Ренату Саншеш (ПСЖ), Рикарду Орта ("Брага"), Жоау Феликс ("Челси"), Диогу Жота ("Ливерпуль"). Шабуылшылар: Криштиану Роналду ("Аль-Наср"), Гонсалу Рамуш ("Бенфика"), Рафаэл Леау ("Милан"). Айта кетейік, қазіргі уақытта Криштиану Роналду Сауд Арабиясында өнер көрсететін "Әл Наср" клубының капитаны. Эр-риядтық ұжым чемпионатта екінші орынға ие болып, күміс жүлдені қанағат тұтты.