$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жолаушылар тасымалы басқармасының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
05.10.2016ж. 20:00
2240
Жолаушылар тасымалы басқармасының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты

Астана қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының экс-басшысы Еділ Сүлейменов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ірі көлемде пара алу және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу баптарымен айыпталған еді.

Нұрлан Баяхметов, Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының судьясы:

Сүлейменов қылмыстық құқық бұзушылық бойынша айыпты деп танылсын. Меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған және сол қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленсін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылсын.

Астана қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов 28 шілде күні қылмыс үстінде ұсталған еді. Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше, шенеунік жолдың жөнделгені туралы жалған акт қабылдап, құрылыс жұмысын жүргізген кәсіпкерді «қара тізімге» енгізбеу үшін 1,5 млн теңге пара алған. Мұнан бөлек аялдама павильондарын сырлау және жуу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, оның ақысы үшін тағы бір кәсіпкерден 600 мың теңге алған. Ол енді жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болды. 

Айбек ҚОСАНОВ