Қостанайда Лисаков қаласында полициядан қашпақ болған күдікті 8-ші қабаттан секіріп қаза тапты. 30 жастағы тұрғын танысымен жанжалдасып, пышақ сермеп жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оның мекен-жайына барған көрінед. Алайда шаһар тұрғыны ешкімді кіргізбей қойған. Ал анасы есікті ашқан сәтте сегізінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Биіктен секірген күдікті бірден жан тапсырды.Ол бұған дейін де істі болған көрінеді.
Бауыржан ӘБЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
ҚР ҚК 106-шы және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды. Оқиғаға куә болған анасы полицейлерге ұлының бұрын суицидтік мінез-құлқын көргенін айтты. Ол өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы бірнеше рет айтқан.Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.