Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысының тұрғыны қошқарды 3555 рет көтеріп, рекорд жаңартты

Түркістан облысының тұрғыны қошқарды 3555 рет көтеріп, рекорд жаңартты

Түркістандық азамат 40 келілік қошқарды 3 555 рет көтерді.

Арыс қаласының тұрғыны желкесіндегі қошқарды тоқтамастан алты сағатқа жуық көтерді. 37 жастағы Азамат Мақұлбеков осылайша рекорд жаңартып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Азамат құрылыс саласында еңбек етеді. Оның қошқар көтеруге деген қызығушылығы 2018 жылы басталған.

Бақытжан ТАСТҮЛЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Соңғы кезде қойды көтеру көбірек болып жатыр. Ең алдымен мысалы біздің кітапқа енген ол Ақбар Елубаевтың рекорды болатын. Ол 2019 рет 30 килолық қойды көтерген болатын.

Қошқар көтеру рекордын жаңартқан арыстық азамат енді әлемдік деңгейдегі сайыстарда бақ сынауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, шетелдерде өтетін алыптар сайысына қызу дайындалатынын айтты. Оның ендігі межесі - Гиннесс рекордтар кітабына ену.