Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Балаларымыз - аманатымыз!

30.05.2023ж. 20:00
737
Балаларымыз - аманатымыз!

«Балаларымыз - аманатымыз!». Осындай ұранмен еліміздің бірнеше қаласында қайырымдылық акциясы өтті. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тәттілер таратылды.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы іс-шарада 8 мыңдай бала қамтылды. Мерекелік жобаны «АМАNАТ"»партиясы мен «Шин-Лайн» компаниясы ұйымдастырған. Арнайы ойын-сауық бағдарламасынан бөлек бүлдіршіндерге 10 мыңнан астам балмұздақ таратылды.

София ЧЕРНЯЕВА, 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бүгінгі концерт керемет өтті, маған қатты ұнады, барлдық ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Орта шығып тіпті билегім келіп кетті. Осы балалар орталығына келгеніме 6 жыл болды, бүгінгідей концерттер әрдайым қызық өтеді. Балмұздақтарды да бұрыннан жегім келіп жүр еді.

«Мұндай жоблар арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балалардың мәселелері қоғамның назарында болады» деп атап өтті ұйымдастырушылар. Оған қоса, «Шин-Лайн» компаниясы «Мишка на полюсе» балмұздағының сатылымынан түскен пайданың 1%-ын балалар үйі тәрбиеленушілерінің мұқтажына бағыттайды.

Станислав КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осындай қайырымдылық жобаларының сөзсіз маңыздылығы зор. Балалар біздің аманат. Біз балаларымыздың өсіп, дамуына өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, лайықты жағдайларды қамтамасыз етуге қолдау көрсетуіміз керек деп есептеймін. Сондықтан біз барлық кәсіпкерлерді жетім балаларға, сондай ақ балаларды асырап алған немесе қамқорлыққа алған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз.

Жаздың алғашқы күнімен келетін мерекені бүлдіршіндер асыға күтеді. Партияның Жамбыл облыстық филиалы да өмірлік қиын жағдайдағы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Түрлі ойындар ойнатылып, ертегілер қойылымы өтті. Барлық балаға тегін балмұздақ таратылды.

Русалина ЯРОВАЯ, Қ.САРЫМОЛДАЕВ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Бізге ертегі киіпкерлері келіп баларды билетті, балалардың көңіл күйін көтерді. Бізге қатты ұнады. Біз би биледік, ойын ойнадық және де өзіміздің де өнерімізді көрсеттік. Осындай мереке ұйымдастырған ұйымдастырушыларғы алғысымызды білдіреміз.

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» жобасы көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және ерекше қажеттілігі бар жандарға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған.