$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады

AstanaTV
31.05.2023ж. 15:10
1193
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады

Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжин Солтүстік Кореяның ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең Солтүстік Корея БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарларын айқын бұзып, сондай-ақ Корей түбегінің және бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін елеулі арандатушылық саналатын «спутник ұшыру» деген сылтаумен ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшырды. Біз аталған елдің бұл ісін айыптаймыз. Солтүстік Корея келіссөз үстеліне оралады деген үмітіміз бар», - деді Пак Чжин елімізге сапары барысында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Солтүстік Корея өзінің алғашқы ғарыштық спутнигін орбитаға шығару үшін баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлаған еді.

Зымыран ұшқаннан кейін көп ұзамай теңізге құлады. Оңтүстік Корея әскерилері зымыранның радар экрандарынан тез жоғалып, құлағанын растады.

Кейін зымыран қалдықтары Корей түбегінің батысындағы Сары теңізге түскен. Талдауға сәйкес, зымыран расымен де ғарыштық спутникті ұшыруға арналған.