Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды

31.05.2023ж. 20:00
777
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Президент бастамасымен боздақтарды толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. Оның жұмысына партия мүшелері де белсене қатысады. Мұның маңызды іс екеніне тоқталған Елнұр Бейсенбаев "бұл күн - Тәуелсіздігіміздің құндылығы мен қадірін ұғындырады" – деді.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгін 31-мамыр - қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне «AMANAT» партиясы барлық өңірдегі осындай арнайы ескерткіштерге барып, еске алу күніне тағзым етіп жатырмыз. Біз түсінуіміз қажет, миллиондаған боздақтарымыз ашаршылықтан, сондай-ақ, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды әрдайым еске алуымыз керек. Қол жеткізген тәуелсіздігіміздің басында олардың құрбандығын ұмытпауымыз қажет. Ол еш уақытта тарих бетінен өшпеу қажет.