Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері үш ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған

AstanaTV
31.05.2023ж. 20:00
722
Энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері үш ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған

Алматы облысында Энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған. Ол Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр елдімекендерінің халқына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны қалтасына басқан. Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып,жалған мәліметтер енгізген. Қылмыскер кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сотқа дейінгі тергеу барысында агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғындарынэлектр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды. "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5-жылға бас бостандығынан айырылды.