Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандылық шаруалар субсидиясыз қалуы мүмкін

31.05.2023ж. 20:00
798
Қарағандылық шаруалар субсидиясыз қалуы мүмкін

«Тура автонесие сияқты». Қарағандылық фермерлер мал азығына берілетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Шағын және орта шаруа қожалық иелері дабыл қағуда. Олар күні ертең ашылатын онлайн тапсырыс беру жүйесіне де, жалпы субсидия көлеміне де наразы. Шаруалар мәселесін Айжан Қуаш айтады.

Ертең шағын және орта шаруа қожалық иелеріне мал азығын дайындауға бөлінетін субсидияға онлайн тапсырыс ашылады. Бірнеше минутта немесе тіпті бірнеше секундта 400 млн теңгені 6 мыңнан астам фермер бөліспек. Көптеген ауылда интернет нашар.Сондықтан кімге қанша тиеді? Оны ғаламтордың жылдамдығы шешеді.

Дулат ҚАСЫМБЕКОВ, ШАРУА:

Автонесиенің қалай болды тура сол жағдай осы жерде де. Ол 400 млн жаңа есептеп отырсақ где то 30 мың бас ірі қараға ғана жетеді екен. Сондықтан ол таңертең ашылды ма мысалы үшін сол ашылғаннан кейін қанша минутта немесе қанша секундта ол ақша жоқ болатынын бір Аллаға ғана аян. сондықтан оған біреу үлгереді, екіншісі үлгермеуі мүмкін.

Ауыл кәсіпкерлері қала, аудан орталықтарына барып арнайы мамандардың көмегіне жүгінеді. Хакер іздегендер де бар. Олар сондай-ақ, субсидия көлемінің аздығына наразы. Қарағанды облысында төрт түліктің ішінде тек сиырдың азығына субсидия беріледі. Оның өзінде тапсырысқа 2 жүз ірі қарасы барлар ғана қатыса алады.

Қайыржан ҚАДЫРБЕРЛИН, ШАРУА:

Бұның арты банкрот болып шаруашылықтар ешқандай өзін- өзі ақтай алмағандықтан қазақша айтқанда жабылады.С қолдауын таппаса, облыстан көмек болмаса шаруашылықтар болмаса биыл қуаңшылыққа өте қиын болады шаруашылықтарға. Басшылар, облыс әкімінен осыны қолдауын сұраймыз.

Мал азығына субсидияны жергілікті әкімдік облыс бюджетінен бөледі. Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінш, бұл сома қазынадағы қаржының көлеміне байланысты. Биыл жем- шөп дайындауға ертең берілетін 400 млн теңгеден басқа тағы сонша сомма тамыз айында бөлінеді,- дейді.

Сырым БОШПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

400 млн қарастырылып отыр. Ертең маусым айының бірінен бастап субсидияны төленеді толық. Осы қарастырылып отырған қаражат 200 бас ірі қара ұстап отырған шаруашылықтардың барлығына жетеді. Бізде қолда бар малдың сосын оның өсімін жоспарлап есептеліп отыр.

Былтыр шаруалар қуаңшылықтан әрең шыққан болатын. Өңірде мал азығы қымбаттады. Биліктегілер мәселені қуаң жерлерді игеру, көп жылдық шөп егумен шешуді қолға алды. Алайда жайылым тапшылығы тағы бар. Сондықтан фермерлер субсидияны көбейту арқылы ғана шеше алатындарын айтады.