Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында егістікке себілген дән құстарға жем болып жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында егістікке себілген дән құстарға жем болып жатыр

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында егістікке себілген дән құстарға жем болып жатыр. Себебі басты «Келінтөбе» магистралы каналының деңгейі жылдағылдан төмен дейді шаруалар. Соның салдарынан егіс алқаптарына су көтерілмей, дихандарды әбірге салуда. Ал жауаптылар аймақтың барлық аудандарына тиесілі тіршілік нәрін беріп отырғандарын айтады.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ,ТІЛШІ:

Бұл алқап, судың сағасында орналасқан. Ал мұнда дән себілгеніне 20 күннен асқан. Алайда көріп, тұрғандарыңыздай табаны әбден құрғап кеткен. Ал себілген дән құстарға жем болыпты. Дихандар жағдай бұлай жалғаса берсе несібемізден қағыламызба деп алаңдап отыр.

Шаруалардың айтуынша, 10 гектар жерден өнім алу үшін 2,5-3 млн теңге шығын шығару керек. Ал мұндай қаражатты табу шағын қожалықтар үшін қиын. Сондықтан бірі несие алып, енді бірі жалғыз сиырын сатып дән сепкен. Енді соңында шығынға батамыз ба деп шырылдап отыр.

Құлмағанбет ИСАХАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көктемнен бері кетпенді шауып-шауып. Енді жер қаңсып, су болмағаннан кейін кетпенін алып үй қайтады. Ол адам қайтіп бала-шағасын асырайды. мысалы менің 400 млн кредитім бар қазір. Күріш болмаса ертең мен кредитті қайтіп төлеймін. Су бермеймін айналайын екпе дегенде екпейақ қоятын едік.

Жаңақорған ауданының 8 ауылы егін егіп күнелтеді. Оның барлығы «Келінтөбе» магистралын бойлай орналасқан. Алайда биыл бұл канал тек ойын балаларының шомылуына ғана жарап тұр. Ал бүгін-ертең алқапқа су құйылмаса шаруалардың еңбегі еш кетпек.

Фархат МАТЕШОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Водхозды кінәламай тұрмайсың. Әр елді мекенге норматив пәлен гектар егесің деген. Сол гектарына су тауып бере алмай жатыр да. Сосын қайтіп кінәлі болмайды ол кісілер. Қанша адам сеуіп тастады суды ашты деп, 5 күннен кейін жауып тастады. Қолдан жасалмағанда не дейміз енді?

Мамандар Жаңақорған ауданына тиесілі мөлшерден артық су беріліп жатқанын айтады. Алайда климаттық ерекшелігі мен көктемгі жауын-шашынның аздығынан судың жерге тез сіңіп, діттеген жеріне жетпей жатқан көрінеді. Ал су тапшылығы бүкіл облыс шаруаларын қос бүйірден қысып тұрғанын жеткізді.

Айдос АСАНБАЕВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Жалағаш, Қармақшы және Қазалы аудандары қазір су тапшылығының зардабын тартып отыр. мысалы Жалағашауданының өзінде әлі жоспарға сәйкес суды ала алмай отырған шаруақожалықтар бар. Осы келіп жатқан суды ұстап отырсақ 10-на дейін біз толық басып бітеміз деп күтілуде.

Әзірге мамандардың жоспары мен болжамдары ғана дихандарға үміт сыйлап отыр. Ал алдағы 10 күндікте су болмаса, күзде қамба бос қалуы мүмкін.