Атырау облысында «Мақат – Солтүстік Кавказ» газ құбыры лупингінің екінші тармағы іске қосылды. Құны 86 млрд теңге тұратын ірі инвестициялық жобаны «QazaqGaz» ұлттық компаниясы еншілес «Интергаз Орталық Азия» кәсіпорны жүзеге асырды.
Іске қосылғанына 30 жылдан асқан "Мақат - Солтүстік Кавказ" газ құбырынан соңғы жылдары ақаулар анықталған. Оның үстіне жылыту маусымы қарсаңындағы жөндеу кезінде халыққа газ беру уақытша тоқтатылып келді. Жаңа инвестициялық жоба өңірді энергетикалық коллапстан толық қорғап, энергетикалық қауіпсіздігін арттырады,- деді салтанатты шараға қатысқан аймақ басшылығы.
Қайрат НҰРТАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мақат - Солтүстік Кавказ магистарлдық желісінің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін іске қосылып жатыр. Жалпы ұзындығы 130 шақырым. Бұл жобаға 86 млрд инвестиция құйылып жатыр. Облысқа құйылып жатқан ірі инвестициялардың бірі.
Лупинг құрылысы былтыр мамыр айында басталып, бір жылда толықтай аяқталды. Магистралды газ құбырының ұзындығы - 130 шақырым, диаметрі – 1000милиметр. Жылдық газ тасымалдау қуаты - 13 млрд текше метр. Жоба сондай-ақ ұлттық индустриалдық технопаркі арнайы экономикалық аймақты газбен қамтамасыз етеді,- деп күтілуде.
Санжар ЖАРКЕШОВ, «QAZAQGAZ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазақта бірлік бар жерде тірлік бар деп бекер айтпайды. Барлық күшімімізді салып 40 жылдан астам қолданылған осы Мақат - Солтүстік Кавказ газ құбырын кеңейтуге атсалысып, жаңа лупинг жобасын жасадық. Бұл үлкен инвестиция деп ойлаймыз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасы.
«QazaqGaz» Ұлттық Компания төрағасы Санжар Жаркешов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, газ өндірісі, тауарлы газ көлемін арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз деп отыр.