$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Ерекше бақылауда болады»: вице-министр соңғы қоңырау кештері жайлы

AstanaTV
01.06.2023ж. 15:02
1216
«Ерекше бақылауда болады»: вице-министр соңғы қоңырау кештері жайлы

Балалардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болуы заңмен қатаң реттеледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Бүгін барлық мектепте түлектер арнайы салатанатты іс-шараға қатысты. Осы шараны өткізгеннен кейін мектеп түлектері осындай сәтті атап өтуі мүмкін. Бұл - ата-аналар мен мектептің өз еріктерінде. Алайда бұл іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар ереже бар екенін атап өту қажет. Ең алдымен бізде қазір сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, оның ішінде оны ұйымдастыруға арнайы агенттіктерді тартып, арнайы студияларды жалдауға ақша жинауға тыйым салынған. Осының алдында да ата-аналар мен педагогтерді ескерттік», - деді ол.

Еділ Оспан атағандай, балалардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болуы заңмен қатаң реттеледі.

«Бұл жағдайларда балалардың заңды өкілдерінің бірге болуы, қоғамдық тәртіптің бұзылмауы ерекше бақылауда болады. Мектепті аяқтау, кез келген жасөспірім үшін маңызды, толқитын сәт. Сондықтан мектеп, ата-ана, мемлекеттік орган осы сәтте түлектердің шалыс қимыл, қателік жасамауына, ол сәтті ерекше өткізуіне қолдау көрсетуі керек. Заңдағы шектеу шаралары да осыған бағытталған», - деді ол.