$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастаумен айналысқан 9 азамат жауапқа тартылды

AstanaTV
01.06.2023ж. 22:09
852
Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастаумен айналысқан 9 азамат жауапқа тартылды

Түркістан облысында заңсыз ақша айырбастаумен айналысқан 9 азамат жауапқа тартылды.

Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген рейд жұмыстары барысында «Жібек жолы» кеден бекетінде заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азамат анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.

«Өз кезегінде тәртіп сақшылары құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізді, ескертті. Полицейлер бұл бағыттағы іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын болады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.