Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елена Рыбакина өзінің жеке рекордын жаңартты

AstanaTV
02.06.2023ж. 08:33
933
Елена Рыбакина өзінің жеке рекордын жаңартты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің жеке рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

OptaAce мәліметінше, Рыбакина 2023 жылы Билли Жин Кинг кубогын есептемегенде, бүгін өзінің 30-жеңісіне қол жеткізді. Рыбакина былтыр жыл бойы 37 рет жеңіске жеткен.

Сонымен бірге қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" екінші раундындағы сәтті өнерінен кейін өзінің жеңіс сериясын ұзартты. 

Осылайша, Билли Жин Кинг кубогын қоса алғанда, Рыбакина 2023 жылы топырақ төсенішінде 11 матчта жеңіске жетті, бұл - оның бір маусымдағы ең жоғары көрсеткіші.

Еске салайық, Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатына енетін "Роллан Гаррос" турнирінің екінші айналымында чехиялық Линда Носкованы жеңді. Енді оның үшінші айналымындағы қарсыласы испаниялық Сара Соррибес Тормо болады. Матч 3 маусымға жоспарланған.