Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Джо Байден әуе күштері академиясының сахнасында оңбай құлады

AstanaTV
02.06.2023ж. 12:43
786
Джо Байден әуе күштері академиясының сахнасында оңбай құлады

АҚШ президенті Джо Байден Колорадодағы әскери-әуе академиясының түлектерін құттықтау кезінде оңбай құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Байден сахнада жатқан құм салынған дорбаға сүрініп кеткен. Күзетшілер 80 жастағы президенттің тұруына көмектесті.

Көп ұзамай ақ үй әкімшілігі АҚШ басшысының жағдайы жақсы екенін айтты.

Бірақ содан кейін Байден тағы денесін ауыртып алған. Ақ үйге келгенде Marine One тікұшағының есік жақтауына басын соғып алған.