Португалияның экс-премьер-министрі Антониу Гутерриш Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа Бас хатшысы болуы мүмкін. Рейтерстің хабарлауынша, Ұйымның Қауіпсіздік кеңесі оған бірауыздан дауыс берген. Бүгін ресми түрде
қайта дауыс беруден кейін Бас ассамблея Гутерриштің кандидатурасын бекітеді деп
күтілуде. Ол жаңа Бас хатшы міндетіне 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап
кіріспек.
67 жастағы Антонуи Гутерриш жеті жыл Португалияның премьер-министрі
қызметін атқарып, он жыл бойы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі
бас комиссары болған. Саяси мансабында белсенді социалист ретінде танылған ол
ұстанған бағытынан бас тартпайтынын айтты.
Саламат ОМАШ