Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

02.06.2023ж. 20:00
902
Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жараланды. Оның төртеуі- Орал қаласынан Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінен дипломдарын алуға бара жатқан мұғалімдер. Оқиға Самара-Шымкент автожолында болды. «Лада Ларгус» көлігінің жүргізушісі «Даф» жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Еркін ӨТЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Ларгус автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, жылдамдықты асырып " DAF” автокөлігінің артынан соқтығысқан.Өкінішке орай, салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ауруханадағылардың жағдайы ауыр. Арасында 27 жастағы келіншек бас ми жарақатын алып, көп қан жоғалтқан. Оған дереу операция жасалды дейді дәрігерлер. Қалған үш адам санавиациямен облыс орталығына жеткізілді.

Рустем ИСАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тағы бір келіншек Қобда аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.Облыстан нейрохирург, травматологтар, реаниматологтар келіп, операция жасалды. Бұл науқас 2-3 сағаттан соң қайтыс болды.