Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

02.06.2023ж. 20:00
983
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барады. Мемлекет басшысын Режеп Тайып Ердоған арнайы шақырып отыр. Жоспар бойынша ол Түркия Республикасы Президентінің салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады. Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырда Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңінің нәтижесінде Режеп Тайып Ердоған Анадолының 13-і мемлекет басшысы болып сайланды. Ол 28 миллионға жуық дауыс жинады. Екінші кандидат, оппозиция жетекшісі Кемал Кылычдароглуға 26 миллион адам сенім білдірген. Саяси додада 54 миллионнан астам адам өз таңдауын жасады.