$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда қару-жарақ дүкенінің директоры сотталды

02.06.2023ж. 20:00
882
Қостанайда қару-жарақ дүкенінің директоры сотталды

4 адамның өмірін жалмаған жарылыс. Қостанайда қару-жарақ дүкені директорына қатысты үкім шықты. Өрт қауіпсіздігі ережесін ескермеген кәсіпкер 5 жылға сотталды.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте «Оружейная палата» дүкенінде болған жарылыстан бірнеше адам жарақат алып, 4 адам қаза тапты. Дүкен иесі Сергей Бескровныйдың өзі де жапа шекті. Жойқын жарылыстан бизнес нысандар мен тұрғындар баспанасына зақым келді. Кәсіпкер Бескровныйға «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен айып тағылды. Алайда сот барысында жарылыстан жапа шеккен адамдар дүкен директорын бас бостандығынан айырмауды сұрады. Тек шығынды өтеп беруін талап еткен еді. Талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 286 миллион теңге көлемінде шығынды өтеу міндеттелді.

Анар ШАЙМУРУНОВА, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ:

ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабы 3 бөлігімен Сергей Бескровныйды кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 46 баптың 5 бөлігімен жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтесін.