Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарда орталық саябақтағы аттракцион істен шығып, бірнеше бала жарақат алды

02.06.2023ж. 20:00
1076
Қызылжарда орталық саябақтағы аттракцион істен шығып, бірнеше бала жарақат алды

Қызылжарда аттракцион істен шығып, бірнеше бала жарақат алды. Оқыс оқиға кеше кешқұрым болды. Балаларды қорғау мерекесіне орай орталық саябаққа жаппай ағылған жұртқа кейбір қондырғылар шыдас бермеді. Үздіксіз жүрген қырықбуын атты аттракцион кенеттен тоқтап, үстіндегі бес жолаушының бет-аузы зақымдалды. Абырой болғанда барлығы ауыр жарақаттан аман. Аталған қондырғы 2007 жылы орнатылған. Тынығу орнының өкілдері темір құрылғының жыл сайын техникалық сараптаудан өтетінін хабарлады.

Александр КОЗЛОВ, “АТТРАКЦИОН ӘЛЕМІ” ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бізге ертең Астанадан тәуелсіз сарапшылар келіп, аттракционның жағдайын тексереді. Табан астынан неге тоқтағанын анықтайды. Жалпы бұл қондырғылар ескі емес. Маусым сайын біз оларды тексерістен өткіземіз.