Еуропадағы фосфордың 71 процентін Қазақстан өндіреді. Одан бөлек нарықты титан, бериллий, тантал, рений және ванадиймен қамтамасыз етеді. Бұл – еліміздің металл кендерін өңдеу бойынша жетекші орында тұрғанын көрсетеді. Қазір Қазақстан мен Еуроодақ жер қойнауын игеру саласында әріптестікті нығайтуға мүдделі. Осы мәселелерді талқылау үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Еуропалық комиссияның вице-президенті Марош Шефчовичпен кездесіп, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастырды.
Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Былтыр Қазақстан Еурокомиссиямен бірігіп, сирек кездесетін металлдарды өңдеу бойынша тиісті құжатқа қол қойған болатын. Енді сонын нәтижесінде тиісті Жол картасын әзірледік. Осы салада әрі қарай қалай бірге қарым-қатынасты нығайтамыз, осы мәселені талқыладық. Мемлекет басшысынң тапсырмасымен бізде тиісті осы өнеркәсіп туралы заң жобасы қабылданды. Сол заң жобасы қабылданғалы бері тек қана алюминийдің ішкі нарықта өңдеу екі есеге өсті.