Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде жыл басынан бері жалпы қылмыс 19% - ға азайды

02.06.2023ж. 20:00
611
Елімізде жыл басынан бері жалпы қылмыс 19% - ға азайды

Елімізде жыл басынан бері жалпы қылмыс 19 процентке азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру 51, зорлау 37 пайызға төмендеген. Жауапты министрліктің айтуынша қылмыскерлердің басым көпшілігі жұмыссыздар. Қылмыстың алдын-алу үшін Ішкі істер министрлігі проблемалар картасын әзірледі. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Елорда әкімдігінің ғимаратында шенеуніктер, қоғам қайраткерлері мен полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Мұндай кездесу үшін Астана кездейсоқ таңдалмады. Мегаполиске әр өңірдің тұрғындары мен шетелден қонақтар көптеп келеді. Сондықтан мұнда қоғам қауіпсіз болуы керек, деп санайды ішкі істер министрлігі. Сондықтан тәртіп сақшылары проблемалардың арнайы картасын жасады.

Марат АХМЕДЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазір Президенттің тікелей тапсырмасымен үлкен тұжырымдама әзірленіп жатыр. Бұл концепция келесі 5 жылдыққа жоспар. Өздеріңіз көріп отырсыздар біз себебімен емес салдарымен күресіп жатырмыз. Сондықтан осы концепцияда да осы мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдер дейміз.

Проблемалар картасына кіретін жобалардың бірі - "Қорғау" бағдарламасы. Жүйе - жолдардағы қауіпсіздікті күшейтуге арналған. Арнайы камералар құқық бұзушыларды автоматты түрде тіркейді. Ақпаратты полицейлердің планшеттеріне жібереді.

Серік ТҮСІПОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Планшеттерге Қорғау платформасы жүктелген. Осы арқылы жақын жүрген тәртіп сақшысы заң бұзушыға барады. Мысалы, бұл жалған нөмер таққан көлік болуы мүмкін, жүргізуші куәлігі жоқ адам көлік айдауы мүмкін, камералар көліктің нөмері арқылы мәліметтерді жинақтап, автоматты түрде полицейлерге жіберіп отырады. Сонда себепсіз көлікті тоқтатпайды. Жолдар жабылмайды.

Проблемалар картасы құқық бұзушылықтың 38 түрін қамтитын 7 негізгі топтан тұрады. Олар мас күйде жасалған қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрлық және жол қауіпсіздігі. Мамандар құқық бұзушылықтың әр тобын жіті тексеріп, зерттеп алдын-алу шараларын күшейтпек.