Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жылу мен жарық шығыны қысқарады - ИДМ

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
2477
Жылу мен жарық шығыны қысқарады - ИДМ

Инвестициялар және даму министрлігі энергия үнемдеуді өздерінен бастамақ. Аталған ведомство жылу мен жарық шығынын 23 миллион теңгеге дейін қысқартуды көздеп отыр. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді. Айтуынша, Қазақстанда бүкіл қуат көзінің 86 пайызын тұтынатын 61 ірі өндірістік кәсіпорын энергия үнемдеу режиміне көшеді. Жақын арада олармен энергия-сервистік келісімшарт жасалмақ.

Дүниежүзілік банк Қазақстанда энергия үнемділігін арттыру мақсатында 2019 жылға 100 миллион АҚШ валютасы көлемінде грант бөліп отыр. Бұл қайтарымсыз қаржыға бірінші кезекте республика бойынша 100 әлеуметтік нысанды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Олар мектептер, ауруханалар мен балабақшалар. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру да бар. Кейбір нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, осы жазда құрылыс жұмыстары жүргізіледі, деді министр. Энергия үнемдеу жобасына мемлекеттік жекеменшік серіктестік арқылы жеке инвестиция тарту да қарастырылады.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Реформаның мақсаты мен міндеті айқын. Егер инвестор өз ақшасын мектепте энергия үнемдеуге салса, одан түскен табыстан өз шығынын қайтарады. Ақша толық өтелгеннен кейін мектеп те, мемлекет пен жеке бизнес секторы да ұтатын болады.

Ал маусым айында министрлік орналасқан Астанадағы «Транспорт тауэр» аталатын еңселі ғимарат алғашқы болып энергия сервистік келісімшартқа отырады. Осылайша, жыл сайын жылу мен жарыққа жұмсалатын 67 миллион теңгенің жартысына жуығын үнемдемекші.

Айдар Махамбет, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасы:

Энерго тиімсіз шамдарды ауыстырады. Немесе автоматтандырылған жүйе қойылады. Яғни датчиктері бар, қозғалған кезде ғана жанатын. Энерго-модернизация жасағаннан кейін біз жыл сайын 23 миллион теңгеге дейін қаражат үнемдеуге болады. Жалпы инвестицияның көлемін алатын болсақ, 130 миллион. Яғни 5-7 жылда өзін ақтауы мүмкін. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ