Қазақстанда
жылына 600-дей бала қатерлі ісік дертіне шалдығады. Бұл туралы Алматыда өткен
балалар дәрігерлерінің съезінде айтылды. Педиатрлардың дерегінше, аты жаман
аурудың арасында лейкоз көш бастап тұр. Жылына 150-ге тарта бала аққан ауруының
азабын тартады. Сырқатпен күресті күшейту үшін емханалардың жауапкершілігін
арттыру мәселесі қаралуда. Отандық дәрігерлер дертті емдеудің жаңа тәсілдерін
енгізіп жатқанын айтады. Бірақ балалар дәрігерлерінің жетіспеуі тиісті нәтижеге
жетуге қол байлау болып тұр. Сондықтан ТМД елдері арасында тек біздің елде
білім кестесінен алынып тасталған педиатрия факультетін қайта енгізу мәселесін
алға тартты.
Камал
Ормантаев, академик:
Отбасылық дәрігерлер қанша жасағанмен, балалардың
ауруын білмейді, түсінгісі келмейді. Қабылдауға қорқады. Педиатрлардың саны
азайып бара жатыр. Соған байланысты педиатрия
факультетін ашу керек дейді.
Жақында министр келіп, комиссия құрып жатырмыз, ашатын шығармыз деп уәде берді. Содан үміт күтіп отырмыз.
Роза
Қуанышбекова, ҚР ДСӘДМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау
комитеті төрағасының орынбасары:
Жасөспірім
қыздардың 30 пайыздан астамында репродуктивтік қызмет бұзылған. Жеткіншек ұлдардың
20 пайыздан астамы денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарына алынбайды.
Сондықтан қазір денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мектеп
медицинасын дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, балалардың жағдайын
жақсартуға күш салмақ.