Испанияда аптап ыстық пен қуаңшылықтан ауылшаруашылығы өндірісі қысқарып, қымбатшылық белең алды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Көкөніс құны 18 пайызға өскен. Жалпы алғанда бүкіл азық-түлік бағасы өткен жылы шамамен 16 пайызға артқан. Бұл – 1994 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
Құрғақшылық пен су тапшылығынан егіс алқаптарының 60 пайызы қурап қалған. 3 жарым миллион гектар жердегі астық жойылды.
Бағаның өсуіне Украинадағы соғысқа байланысты тыңайтқыштар мен жанармайдың екі есе қымбаттауы да себеп болып отыр.