Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Әкем - күзетші, анам - жұмыссыз". Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы жайлы айтты

AstanaTV
05.06.2023ж. 13:55
1351
"Әкем - күзетші, анам - жұмыссыз". Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы жайлы айтты

Депутат Дәулет Мұқаев "Менің өмірім" бағдарламасында өзінің жалақысы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Депутат Дәулет Мұқаев өзінің жалақысы жайлы айтты.

"Мен 720-740 мың төңірегінде аламын. Бұл біреуге әрине өте көп болып көрінеді. Бірақ мысалы, шетелге кетіп қалып, ыдыс жусаң да, күзетші болсаң да, ол жақта 5 мың доллар аласың. Достарым "мынадай пікірлерді оқып, қалай шыдап отырсың" дейді, "бұл қызмет, шыдау керек" деймін", - деді ол. 

Сондай-ақ ол ата-анасының кім болып жұмыс істейтінін айтты.

"Әкем - күзетші, 90 мың теңге алады. Балабақшада күзетші қызметінде жасайды, бұл намыстанып жасыратындай нәрсе емес. Себебі әр адамның өзінің тағыдыры, жолы бар. Кейде пікірлерді оқып, әкем де "адамдар да қызық, сен 700 мың алып отырсың, мен 90 мың алып отырмын, анаң жұмыссыз" дейді. Менің анам медбике, бірақ қазір немерелерімен болсын деп үйде, ресми түрде жұмыссыз. Мен оларға көмектесіп тұрамын.
Ата-ана болғасын уайымдайды, кейде қан қысымы көтеріліп кетеді. Мен оларға оқымаңыздаршы деп айтамын. Үйрену керек, Саяси жолда болғасын әр адам сеннен бір мін іздеп тұрады. Жақсы жағыннан гөрі жаман бірдеңе көріп қалса, сол туралы көбірек таратуға тырысады. Бір жағынан ешкімге ренжуге болмайды. Бұл өмір", - деді депутат.