Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Жастар Рухы» Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды акция өткізді

05.06.2023ж. 20:00
1261
«Жастар Рухы» Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды акция өткізді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да ауқымды акция ұйымдастырылды. Шараның өтуіне «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мұрындық болды. Акцияға 50 мыңға жуық адам қатысты.

Акцияға жиналғандар алдымен көк тудың астында әнұран шырқады. Бұл - Тәуелсіздік монументі. Мемлекеттік маңызды шараның дәл осы жерде өтуі тегін емес.

Зоя НОВОЛОДСКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әнұран, Елтаңба, Ту – бәрі біздің мақтанышымыз. Бүгін біз акция өткізіп жатырмыз - жастар жауап берді, отбасылар жауап берді және рухты көтеріп, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге тамаша мүмкіндік,

Ал Павлодар облысында өткен акцияда партия өкілдері қазақстандықтарға челлендж жолдады. "Атамекен", "Көк тудың желбіргені" әндерін шырқады. Челленджге 500 ден астам адам қатысты.

Еламан АСЫЛБЕКОВ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Челленджде біз Қазақстан әнұранын, "Көк тудың желбірегенін", "Атамекен" әуендерін айттық. Бүкіл халық болып, бүкіл Павлодар облысының кісілері болып. Енді барлық қазақстандықтарды осы челленджді қолдауға, барлық қазақстандықтарды осы челленджді алуға барлығына жолдаймын.

Елордадағы шараға мыңнан астам адам жиналды. Онда да көпшілік әнұранды бірге шырқады. Сондай-ақ әннен шашу шашылып, күй күмбірледі. AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев "бұл мереке қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігін нығайту үшін маңызды" деп атап өтті.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біздің әрдайым көк туымыз- тұғырымыз. Елтаңбамыз - біздің еңсеміз. Ал, әнұранымыз- бізің әрқашан айбатымыз. «AMANAT» партиясының әрдайым ұстанымы - осындай көк тудың астына біріктіру. Осы алаштықтар алаш тудың астында күн сөнгенше сөнбейміз деп жырлап өтті. Расында да біз осындай мемлекеттік туымызды әрдайым сіздермен бірге ұлықтауымыз қажет.

Былтыр «Жастар рухының» белсенділері мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің елім – менің туым» атты ауқымды акция өткізген. Ал, оны жастар қанатының мыңнан астам қолдаушысы қолдады. Ел аумағында бес мыңнан астам ту тікті.