$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Референдум қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті», - Е. Қарин

05.06.2023ж. 20:00
1119
«Референдум қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті», - Е. Қарин

Референдум қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Бұл еліміз үшін маңызды оқиға болды. Өйткені, Қазақстан осыдан кейін жаңа кезеңге қадам басты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналында осылай деп жазды. Өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған саяси реформалар аймақтағы бірегей құбылысқа айналды. Конституциялық реформа мен соңғы сайлау циклі жаңа саяси жүйенің келбетін қалыптастырды. Алдағы уақытта да Президенттің саяси жаңғыру бағдарламасын іске асыру жалғасады. Алдымызда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы тұр.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Бір жыл бұрын қазақстандықтардың басым бөлігі, яғни азаматтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда ел Конституциясын өзгерту туралы заң жобасын жақтап дауыс берді. Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді. Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді. Ең бастысы, референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Біз оны Президент және Парламент сайлауларында анық байқадық.