Таиландта қайтыс болған отандасымыз Артур Ысқақовтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Естеріңізге сала кетейік, Пхукетке демалуға барған 24 жастағы қазақстандық қатты толқын кезінде жұбайын құтқарамын деп суға батып, салдарынан ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен еді. Кеше кешкісін Артур Ысқақовтың көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады.
Айбек СМАДИЯРОВ, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Өкінішке орай біздің азаматымыз кеше кешке қайтыс болды, жүрегі тоқтап қалды. Әрине үміт болды. Жас организм болғандықтан, біз барлығын жасадық.
Тайландта 3 маусымда тағы бір қазақстандық суға батып мерт болды. Қазір авиакомпаниялармен олардың денелерін Қазақстанға жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Қаза болған отандастарымыздың денелерін елге тасымалдау шығындарын туыстары өз мойнына алмақ. Қазір құжаттары рәсімделуде.