$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Қоғамдық бақылау - халық үніне құлақ асатын үкіметті қалыптастыруға мүмкіндік береді", - депутат

05.06.2023ж. 20:00
1112
"Қоғамдық бақылау - халық үніне құлақ асатын үкіметті қалыптастыруға мүмкіндік береді", - депутат

Енді қарапайым халық мемлекет қазынасынан ақша алып отырған кез келген мекемені қадағалай алады. Қаржының жұмсалу барысын бақылап, тексеруге мүмкіндігі бар. Мұның барлығы "Қоғамдық бақылау" заң жобасының аясында жүзеге асады. Жобаға петициялар институты да енгізілген. Депутаттардың айтуынша, бұл заң жобасы билік пен халық арасындағы бір-біріне деген сенімділікті нығайтып, қарашаның мұңына құлақ асатын үкіметті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өзекті мәселелерге байланысты бүкіл құжаттарды қарау, бағдарламамен танысу, орын алып жатқан проблемаларға кіру мұның бәрі енді тіке азаматтардың жаңағы айтқан талаптарға сай азаматтардың кез-келгені араласа алады.