Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді. Ерекше туындыны 220 шебер жасап шықты. Ту түстес көрпе Гиннес ректордтар кітабына ұсынылды. Бұдан бөлек, жиын барысында шеберлер жәрмеңкесі мен фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтті. Толығырақ әріптесім Аружан Задабек айтады.
Астананың қақ төрінде қолөнер шеберлері жиналды. Олар қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге атсалысты.
Нұргүл АБАЙХАН, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:
Бұл жоба бұрын-сонды болмаған қазақ елінде. Миссиясы – қазақтың құрағын әлемге паш ету. Әлемге қазақтың құрағы керек деген ұранмен ұрандатып, біз бүгінгі таңда 200-ден атсам құрақшы бір қолдан шыққандаы бірдей көрпені бір үлгіде тігіп, қазақтың ауызбіршілігін көрсетуге келді.
Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты қолөнер шеберлері жиылған. Олардың арасында 8 жастағы бүлдіршін мен 80-нен асқан қария да бар.
Бисара ӘБУТӘЛІПҚЫЗЫ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:
Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан өнер болғандықтан, қызмет істеп жүрсек те осыны біз қалдырмадық. Қазір немерелерімізге, келесі ұрпаққа түсіндіру үшін, үйреті үшін шамамаыз келгенше үйретіп жатырмыз.
«Аламан құрақ» жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды. Ерекше күні өткен ерекше жобаға елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков те арнайы келді. Қолөнер шеберлерінің өнерін тамашалап, ұлттық құндылық дәріптелген той – осы, - деді.
Жандарбек МӘЛІБЕКОВ, ҚР ЕЛТАҢБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:
Құрақ аламаны жылда өткізіліп тұрса, сонда біздің айтып жатқан, біздің бірлігіміз туралы айтып жатқан, тіл туралы айтып жатқанның бәрі өздігінен қалыптасады деп ойлаймын.
Алғаш рет ұйымдастырылған жобаға қызығушылық танытқандар көп. Шараға келгендердің бірі – салт-дәстүрдің жаңғырғанына риза болса, енді бірі – келесі жолы шебер ретінде қатысуға ниет білдірді.