Алматылық тәртіп сақшысы жүмыс кезінде қаза тапты. Қайғылы оқиға полиция департаментінің ғимаратында болған. Алдын ала болжам бойынша, кезекшілікте тұрған полиция қызметкері әріптесіне абайсызда оқ атқан. Оқ жігіттің басына тиген. Куәгерлердің айтуынша, олардың арасында ешқандай жанжал болмаған. Желіде де бұл оқиғаға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр.
Полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.