Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстан құрамасының ойыншысы Португалияның атақты клубында доп тебетін болды

AstanaTV
05.06.2023ж. 18:46
744
Қазақстан құрамасының ойыншысы Португалияның атақты клубында доп тебетін болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан Португалияның атақты клубы "Спортингте" өнер көрсететін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Record мәліметінше, ойыншының испаниялық "Эль-Посо Мурсиямен" келісімшарты келесі жылы аяқталады. Соған қарамастан Тайнан "Спортингте" өнер көрсету туралы шешім қабылдаған. Шартты бұзу құны 250 мың еуроны құраған. Осы маусымда шабуылшы испаниялық ұжым сапында бар болғаны 12 матчқа қатысып, 7 гол соққан. Өйткені, Тайнан төрешіге шабуыл жасағаны үшін, "қызыл" қағаз алып, 15 ойынға шеттетілген еді. Айта кетейік, Тайнан футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы.